Шымкенттен Қостанайға гуманитарлық көмек жөнелтілді

123

«Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы гуманитарлық көмек жинау пунктіне алғашқы азық-түлік және қажетті заттар жеткізілуде. Қостанайлық азаматтарға көмек акциясына Абай ауданына қарасты «Жібек жолы» көтерме базары мен «Сандыбаев» мал базары ұжымдары атынан жалпы 2 тоннаға жуық азық түлік және гигиеналық заттар әкелінді.

Картоп – 500 кг, сәбіз – 200 кг, пияз – 500 кг, қырыққабат – 100 кг, асқабақ – 20 кг, макарон өнімдері – 100 кг, күріш – 50 кг, шәй, печенье, сұйықмай, сусындар және гигиеналық заттар да бар.
Базар әкімшілігі қызметкерінің айуынша, Қостанай облысында өрттен жапа шеккендерге көмек қоры жиналып жатқанын естіген бойда базар басшылығы және аталмыш базар кәсіпкерлері акцияға атсалысуға асыққан. Тілсіз жаудан зардап шеккендерге көмекті нақты іспен көрсетудің үлгісін жасап алғашқылардың бірі болып гуманитарлық пунктіге азық-түлік тиелген көлік жетті.
«Ел басына күн туған қиын сәтте бірлігімізді көрсетіп, қостанайлық қандастарымызға қол ұшын созу адамгершіліктің белгісі. Өрттен жапа шеккендердің қысқа уақытта қалыпты өмірге оралуына көп болып атсалысуымыз қажет деп санаймын» деді шымкентттік кәсіпкер.