Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге Төлеби ауданы тұрғындары гуманитарлық көмек жіберді.
Төлебиліктер бір күнде 100 келі күріш, 250 кг ұн, 100 литр күнбағыс майы, көкөністер секілді бұзылмайтын азық-түлік өнімдері мен жеке гигиеналық заттарды Қостанай облысына жөнелтті. Жалпы 1 жүк көлігімен бірінші кезектегі қажетті заттар жіберілді.
Төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек қолын созғандар қатарында Төлеби ауданы тұрғындары, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер бар. Төлебиліктердің бұл бағыттағы игі ісі әлі де өз жалғасын тауып, алдағы уақытта да көмек жіберіледі дейді жергілікті билік өкілдері.