Биыл халық жазушысы, қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толды.
Осыған орай Түлкібас ауданында «Тұғыры биік тұлға» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Жиын Шерхан Мұртаза атындағы мектеп қабырғасында ұйымдастырылған. Шараға ауданы әкімінің орынбасары М.Жанесен, өңірлік зиялылар және Жамбыл облысына белгілі ғалымдар мен жазушылар қатысты.
Ғалымдар Шерхан Мұртазаның шығармалары мен еңбегі жайында тың ақпаратпен бөлісіп, баяндамалар жасады. Мерейтойлық жиында келушілерге «Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы» және «Ұлттық Рухтың жаршысы» атты тақырыппен қолөнер бұйымдары мен кітап көрмесі ұсынылды.