Түркістанда «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің құрылғанына 2 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиын барысында кешен директоры Ғалымжан Ерназаров кешеннің атқаратын қызметі, дамуы және алдағы жоспары туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар бір топ қызметкерге еңбегі үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хаты табысталды. Кеш «Конгресс холл» кешені өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.