Мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Мейрамбек Көкенов айтты. Сөзінше, есепті салық төлеу мерзімі 1 қазанға дейін жүргізіледі.
Сондықтан жауаптылар тұрғындарды уақытылы төлем жасауға шақырады. Егер мерзімінен кешіктірген жағдайда міндетті сомаға 1,5 пайыз өсім қосылады.