Түркiстан облысы екiншi жыл қатарынан «Бизнесті жүргiзу жеңiлдiгi» рейтингінің қорытындысы бойынша үздiк өңiр атанды.
Бұл рейтингтен орын алу үшін 50% статистикалық көрсеткішке сүйенсе, 50% кәсiпкерлермен сауалнама жүргізіледі. Биыл облыста кәсіпкерлер саны 160 мыңға жетті. Сондықтан, бизнеске қолдау бойынша “Қарапайым заттар экономикасы”, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы кәсiпкерлер арасында сұранысқа ие.
Биыл бағдарлама бюджетi 57%-ға артып 9,6 млрд. теңгеге жетті. Айта кетейік, облыс бюджетінің кәсіпкерлерге жыл соңына дейін 25 мрлд. теңгеге жуық несие беру мүмкіндігі бар.