Ордабасы ауданында жан түршігерлік жағдай орын алды. Әкесінің рұқсатынсыз көлік тізгіндеген жасөспірім жігіт кәмелетке толмаған қызды қағып кетті. Бұл жайт Қайнар ауылының көшелері бірінде орын алған.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше көлік тізгінін игере алмаған бала жолдың жиегіне шығып кеткен. Ал көлік ішінде тағы да жолаушы болған. Олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал жәбірленуші қыз ауруханаға жетпей, жедел-жәрдем көлігінде көз жұмды. Қазір бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Гүлнар Әбдужаппарова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы: «Ордабасы АПБ-на 16 қыркүйек сағат 9:00-де Қайнар ауылының көшелерінің бірінде ТЖ орын алғаны жайында хабарлама түскен болатын. Жүргізуші «LADA 2114» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай, нәтижесінде кәмелетке толмаған қызды соғып кеткені белгілі болды. Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде».