Түркістан облысында пайдаланылмаған 315 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

70

Жыл басында Түркістан облысы аумағынан 500 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланған. Соның ішінде сот және тексерулер арқылы 315 мың га жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Оның 313,5 мың га – жайылымдық жер , ал 2 мың га – егістік жер. 8 айда 26 субъектіге тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеріс барысында заң бұзушылықтар анықталып, 2 712 510 теңге айыппұл салынған.

Айта кетейік, облыс аумағында 2021-2022 жылдары 66 663 га жер телімін шаруаларға беру үшін 123 конкурс өткізілді.