Түркістанда салынған Орта Азияда баламасы жоқ спорттық кешендері бар ескек есу каналы құрылысының екінші кезеңі басталды. Облыс орталығында бой көтерген заманауи спорт нысандарының құрылыс барысымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танысып қайтты.
Өңір басшысы сала жауаптыларымен кездесіп, құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аударуды тапсырды. Жалпы Олимпиадалық орталық 100 гектарға жуық алаңда орналаласқан. Ұзындығы 2,5 шақырымға созылатын су арнасына 2 млн. текше метр су жиналды. Онда су тазартқыш құрылғылар қойылған.
Кешен құрылысының екінші кезеңінде әкімшілік ғимараты, қонақүй, веложолақ, бассейн, қайық тұрақтары, аралды қосатын көпір және тағы басқа нысандар бой көтереді. Орталықта спортшылар жағажай волейболы мен футболы, ашық судағы жүзу, триатлон, желкенді спорт, ескек есу, каноэ секілді бірнеше спорт түрінен жаттығу жасауға мүмкіндік алады деп жоспарланып отыр.