Түркістанда іскер әйелдер кеңесінің форумы өтті

73

Түркістан облысының іскер әйелдер өңірлік кеңесінің бизнес-форумы өтті. Жиынға барлық өңірден 200-ге жуық кәсіпкер әйел қатысты. Форумның ашылуында Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Төлегенова мемлекет тарапынан кәсіпкерлік салаға жасалып жатқан қолдауларға тоқталды.

Жиын барысында қатысушылар бизнесте орын алып отырған мәселелерді талқылады. Жан басын қаржыландыру, ауылдық жердегі кәсіпкті қаржыландыру, мектепке дейінгі мекемелерді лицензиялауы секілді көптеген мәселелер қамтылды.

Айта кетейік, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі 2015 жылы құрылған. Кеңес әйелдер бизнес-қоғамдастығына тәжірибелік қолдау көрсету мен заңдық кеңес беру жұмыстарын тегін атқарып келеді.