Түркістанда «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

57

Қыркүйек айының 9-10 күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Түркістан облысының полиция басқармасы және бөлімдері жанынан ашылған «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде», «Жолда қабылдау» акциясын өтеді.

Акцияның басты мақсаты – халық көп шоғырланатын орындарда олардың ұсыныс-пікіріне назар аудару, азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру және құқықтық кеңес беру.

Айта кетейік, Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы да тікелей эфир жүргізіледі.