Түркістандағы «Экобазарда» ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік жәрмеңкесі басталды. Басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және тұрғындарға сапалы өнім ұсыну. Жалпы жәрмеңкеге күнгей өңірдің барлық 16 ауданы мен қаласынан тауар өндірушілер қатысып жатыр.
Түркістан экобазарында жәрмеңке өтіп жатыр. Мұнда үш күн бойы облыстың 16 ауданынан келген шаруалар барлық ауыл шаруашылық өнімдерін арзан бағада сатылымға шығарады. Сарыағаш ауданының кәсіпкері Мейірбек Үсенбаев та бар жиғанын жәрмеңкеге алып келіпті.
Мейірбек Үсенбаев, Сарыағаш ауданының шаруасы: «Барлығы өзіміз қолмен өсірілген табиғи тауарлар. Қызанақ, қияр, капуста бар. Барлығы табиғи. Біз 5-6 жылдан бері 15 адамды жұмыспен қамтып ауданнның дамуына үлес қосып жатырмыз».
Жәрмеңкеде күнгей өңір тұрғындары ешқандай делдалсыз тікелей өндірушіден тауар сатып ала алады. Тиісінше баға да едәуір арзан болады дейді ұйымдастырушылар. Жалпы шараға облыс диқандары 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келген.
Лаура Жанасбаева Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының тұрақтандыру қоры департаментінің директоры: «Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 3600 тоннадан аса өнім түрлері бар. Одан бөлек айналым схемасы бойынша кәсіпкерлік субьектілеріне қарыз беру арқылы осы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұдан бөлек, экобазар маңында жәрмеңке ұйымдастырылып жатыр. Онда барлық тауарлар нарықтан 20-30 пайыз төмен бағада сатылып жатыр».
Түркістан облысының негізгі даму бағыттарының бірі ауыл шаруашылық саласы. Осылай деген облыстық ауылшаруашылқ басқармасының басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов қазіргі таңда бұл бағытқа ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді.
Нұрбол Бекмұратов, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: «Осы ағымдағы жылы 859,9 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылық өнімдері орналастырылды. Қазір огдан 1,5 млн. тонна бақша дақылдары, 1 млн. тонна көкөніс, 110 тонна жеміс-жидек, 325 мың тонна картоп дақылдары жиналып отыр».
Жауаптылар тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары болса, мұндай іс-шараларды жиі ұйымдастырып отырамыз дейді. Диқандар мен кәсіпкерлер халыққа сапалы өнімді қолжетімді бағада ұсынуға әрқашан дайын.