Ұн мен бидайдың экспортына квоталар алынып тасталды

17

Биыл қыркүйек айынан бастап ұн мен  бидайдың экспортына квоталар алынып тасталды. Яғни, сыртқа сатуға ешқандай шектеу жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ауыл шаруашылығы министрі айтты.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: «Биылғы жылы 13,5 млн. тонна бидай жинайтын болсақ, былтырғы жылдан қалған 1,5 млн. тоннаны есепке алатын болсақ. Ішкі тұтыну көлемі Қазақстанда 6,5-7 млн тонна болса, экспортқа 6-7 млн тонна бидай, ұн шығаруға мүмкіндік бар».