Жаяу жүргіншіні ұрған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

32

Кентау ҚПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлері патрульдеу жұмыстарын атқару кезінде, жол бойында төбелесіп жатқан 2 адамды байқап, бірден мән-жайды анықтау үшін олардың жандарына барады. Содан бір-біріне күш қолданып жатқандарды ажыратып үлгереді.

Осы сәтте дау-дамайға қатысушының бірі «DaewooTocsa» жүргізушісінің үстінен арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол жол шетінде жаяу келе жатқанында жүргізуші көлігімен абайсызда қағып кетпек болғанын баяндайды.
Осылайша екеуінің арасында түсінбеушілік орнап, соңы үлкен дауға ұласады. «DaewooTocsa» жүргізушісі қағып кетпек болғанымен қоймай жәбірленушіні соққыға жыққан.
Мән-жайға қаныққан полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алды. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде «DaewooTocsa» жүргізушінің мас халде екеніне күмән келтіріліп, оның спирттік ішімдік ішіп, көлік басқарғаны расталды. Оған қоса автокөлік иесі бұдан алдын жүргізу куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
Осыған сәйкес «DaewooTocsa» жүргізушісіне, яғни бұзақылық жасап, онымен қоймай мас күйде көлік тізгіндеген жігітке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігімен «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» сотқа жолданды.
Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша 1 жыл және ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігімен «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.