Құрметті тұрғындар! Шымкент қаласының Әділет департаменті Сіздерді түрлі заңсыз және алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Осы орайда, нотариус қызметіне жүгіну кезінде төмендегіні ескеруді сұраймыз.
* www.enis.kz сілтемесі арқылы «e.notary» бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінде «Нотариустар» бағанасында қажетті өңірді таңдап, нотариустардың актуалды тізімін қараңыз
* Шымкент қаласының Нотариаттық палатасының ресми сайтында www.shymnp.kz нотариустардың тізімі қамтылған
* www.gov.kz Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтындағы «Құжаттар» бағанасында нотариустардың лицензиясының тоқтатылғаны, айырылғаны туралы ақпарат жарияланған.
Көрсетілген мекен жайда нотариус жұмыс істемейтінін ескертеміз.
Мекен жай: Шымкент қаласы, 16 шағынауданы 10 үй, 51 пәтер.