Шымкент қаласында биыл жаңа өрт сөндіру депосы салынып жатыр. Бұл нысан №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа заманауи ғимараты болмақ.
Сондықтан қала әкімі М. Әйтенов депоның құрылыс жұмысы барысымен танысып шықты. Жаңа бөлімшенің жер аумағы 0,3 га құрайды. Онда әкімшілік корпус, 4 автомобильге арналған депо, диспетчер кабинеті, демалыс бөлмесі, санитарлық тораптар, мұрағат пен қойма және оқу сыныбы бар. Биыл маусымда басталған нысан құрылысы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.