Шымкентте 28-29 шілде аралығында 29 жасқа дейінгі жұмысшы жастар бағдарламасы бойынша 1631 өтінім келіп түскен еді. Қаралым нәтижесі 30 қыркүйекте айқындалады. Азаматтар өтінім нәтижесін жеке кабинетінен көре алады.
Айта кетейік, бұл бағдарлама бойынша 2020 жылы – 904 азамат, 2021 жылы – 300 азамат пәтермен қамтылған. Биыл жастар бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 857 азаматқа арендалық тұрғын үйдің пәтер кілті табысталады деп жоспарланып отыр.