15-30 қыркүйек аралығында елімізде «Жатақхана» акциясы өтуде. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері Полиция департаментін тарта отырып, жатақханаларда тұратын тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстпрын бастады. Іс-шара барысында ТЖ мамандары өрттің алдын алу, азаматтарға қауіпсіздік қағидаларын түсіндіріп, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын еске салып өтті.
Полиция қызметкерлері заңнама талаптары мен қоғамдық тәртіптің сақталуын тексереді. Өрт қауіпті жағдайдың туындауына жол бермеу мақсатында бірқатар ұсынымдарды сақтау қажет:
электр желісіне қосылған тұрмыстық электр аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
электр сымдарының ақаулығын қадағалаңыз, зақымдалған электр құрылғыларын, электр розеткаларын пайдаланбаңыз;
️ бөлмеде ашық от көздерін пайдаланбаңыз (шам, сіріңке, алау және т. б.);
тұрғын үйлердің пәтерлері мен жатақханалардың бөлмелерінде өрт қауіпті және жарылыс, өрт қауіпті заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әртүрлі өндірістік және қойма үй-жайларын орнатуға тыйым салынады;
️пәтерлер мен жатақхана бөлмелерінде жанғыш газдары бар баллондарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды және т. б. сақтауға тыйым салынады.;
️эвакуациялау жолдарын (саты торларын, саты марштарын, дәліздерді) әртүрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықпен үймелеуге тыйым салынады;
жатақхана бөлмелерінде немесе дәлізінде темекі шегуге және ашық от жағуға тыйым салынады;
️өрт шыққан жағдайда жатақхананың жанындағы автокөліктердің тұрағы арнайы көліктердің өтуі үшін жолды жаппауы тиіс. Сондай-ақ жолда турникеттерді немесе жатақханаға кіруге кедергі келтіретін қоршауларды қоса алғанда, бөгде заттар орналастырылмауы тиіс.
Жатақханадағы өрт қауіпсіздігі көп жағдайда тұрғындардың жауапкершілігіне байланысты. Өрт қауіпсіздігін сақтау жүздеген адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін, сондықтан да белгіленген нұсқаулар мен ережелерді ескерусіз қалдырмау керек.