Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтты.
«Кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі», — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеуді тапсырды.