Келер жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлем орта есеппен 13%-ға артады.
Демек, оның мөлшері орташа айлықтың 45 пайызына дейін көбейеді. Заңнамада көрсетілгендей, қызметінен босатылып, жұмыссыз ретінде тіркелген кез келген азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ақша аударса, 6 айға дейін әлеуметтік төлем алуға құқылы.
Қаражат азаматтың 2 жылдағы табысын ескеріп, есептеледі. Алдағы уақытта азаматтық-құқықтық негізде келісімшартпен жұмыс істейтін және интернет арқылы қызмет көрсететін адамдарды да әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қосу ұсынылды.