Ақтөбеден Дубайға алғашқы рейс ашылды

17

Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдан Дубайға алғашқы рейс орындалды. Ақтөбеден Біріккен Араб Әмірліктеріне бағытталған жолаушылар рейсін FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырды, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Airbus A320 ұшағы Дубайға 180 жолаушыны жеткізеді. Рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
Сондай-ақ Ақтөбе халықаралық әуежайы бес жаңа бағытты іске қосты. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келіссөздер нәтижесінде Пхукет, Дубай, Ташкент, Самара және Орал қалаларына әуе рейстерін ашу туралы келісімге қол жеткізілді.
«Әуе айлағының шекарасын кеңейту жұмыстары жалғасады: осы жылдың соңына дейін бағдарлық желіні тағы 2 бағытқа ұлғайту жоспарланып отыр», — деп хабарлады әкімдіктегілер.
19 қазанда Scat әуе компаниясы Ақтөбе – Пхукет – Ақтөбе бағыты бойынша рейстерді іске қосты. 1 қарашадан бастап Qazaq Air Ақтөбе – Орал – Ақтөбе бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайды. Сонымен қатар қараша айында Ташкент пен Самараға әуе рейстері ашылады деп жоспарланып отыр.