“Бақытты отбасы-бақытты жан” атты семинар өтті

113
фото Ақ-қара.кз

Шымкентте «Бақытты отбасы-бақытты жан» тақырыбында отбасылық құндылықтарды дәріптейтін семинар өтті. 5 күнге созылған ауқымды жоба мақсаты қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастар мен жас отбасыларды қолдау, жастар мен жасөспірімдердің тәрбиесімен айналысатын кадрлардың біліктілігін арттыру. 

Cоңғы 5 жыл көлемінде жас отбасылар арасында шаңырағы шайқалғандар саны артқан. Оған қоса қоғамдық орында ашық зорлық-зомбылық көрсету фактілері жиілеп кетті. Сондықтан жастар санасына отбасы құндылығын сіңіру үшін, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» арнайы семинар өткізді.

Сабира Байзақова, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» ҚБ басшысы: «Шара маңыздылығы ата-ана мен баланың бір-біріне деген қарым-қатынасы. Яғни, ананың бала психологиясына қаншалықты әсер ететінін көрсету. Әйелдер құқығын сақтауға өз үлесімізді қорсу. Шара 4 сағаттан күніне 60 адамға сабақ өтуді жоспарладық. Ал семинар қорытындысы бойынша 300 адам қамтуымыз керек еді. Ал біз 330 адамды оқытып, сертификат табыс еттік».

«Бақытты отбасы-бақытты жан» жобасына Шымкент қаласындағы мектеп пен колледж ұстаздары және жастар қатысты. Мақсат қоғамдағы орын алып жатқан тұрмыстық кикілжіңнің алдын алып, жанұя тыныштығы мен беріктігін сақтау жолдарын көрсету.

Сабира Байзақова, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» ҚБ басшысы: «Контингент бір баланың емес, қоғамның мәселесі. Қазір индиго балалар дамып келеді. Оларды тәрбиелеу жолы басқаша. Сондықтан бұл шараның маңыздылығы зор».

5 күнге созылған семинар тренингке отбасындағы дұрыс қарым-қатынас ұстау жолдары, балалар тәрбиесі, әке мен ананың бала өміріндегі рөлі тақырыбында білікті практик-психологтар дәріс өткізді. Шара соңында толық курстан өткен қатысушыларға біліктілік сертификаты табыс етілді.

Мемлекет басшысы отбасы құндылықтарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлу керектігін айтқан болатын. Мемлекетімізді шағын мемлекет яғни, отбасылар құрайтыны белгілі. Сондықтан да отбасы құндылықтарына баса назар аудару қажет. Осы орайда аталмыш бағыттағы семинар-тренингтер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Әсел Мәлік