Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 пайыздық дәлізімен жылдық 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.
«Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 17%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15% болады», — делінген хабарламада.
Ұлттық банктің мәліметінше, қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция болжамнан әлдеқайда асып түскен. Негізгі факторлар сұраныстың артуы, фискалдық серпін, өндіріс шығындарының өсуі, сыртқы инфляцияның әсері, Ресей рублінің айырбас бағамының тұрақты сақталуы нәтижесінде болды.
«Бұл көрсеткіштер инфляция мен бағаның тұрақтануына қысым жасайды. Мұның бәрі 2023 жылы инфляцияны бақылауда ұстау үшін барынша қатаң ақша-кредит талаптарын қажет етеді», — дейді мамандар.