Бозарық шағынауданында көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы бітті. Енді инфрақұрлым жүйелері тартылып жатыр.
Осыған орай қала әкімі нысан басын аралап, жұмыс барысымен танысты. Мұнда 1 жарым шақырым электр желісі, 1,2 шақырым газ, 1,3 км ауыз су құбырлары тартылып жатыр. Сондай-ақ 800 метр қәріз жүйесі тартылып, инфрақұрылымдық жұмыстардың 30% орындалды. Ал 2 жыл бұрын басталған жол құрылысының 50 пайызы аяқталды. Қалған жолдар келер жылы бітеді деп жоспарланған.