Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында, «Түркістан облысы Төлеби ауданының орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бар жәшік дәретханада тұр» деген ақпарат анықталды.
Аталған жайт полицейлердің бірден назарына алынды. Төлеби ауданының тәртіп сақшыларымен жан-жақты тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның мектепте орын алғаны белгілі болды.
Нәтижесінде аталмыш мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу» бойынша хаттама толтырылды.
Сонымен қатар әйелге Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы және заң аясында қорғалатыны қатаң ескертілді.