«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 73 ауланы жаңғырту жоспарланған

23

Биыл Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде 73 ауланы жаңғырту және жеке сектордағы 6 орынға балалар алаңын құру жоспарланған.

Қазіргі таңда абаттандыру жұмысы 2 кезең аясында жүзеге асырылып жатыр. Алғашқы кезеңде 52 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, елдімекендердегі 6 жерге балалар ойын алаңшасы салынған. Қазір ІІ-кезеңдегі 21 көпқабатты үйдің ауласы жаңартылуда.

Ал, 2023 жылы 20 көпқабатты үйдің ауласын қайта жаңғырту және балалар ойын алаңшасын орнатуға сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінімдер ұсынылған. Сонымен қатар, 138 жобаға жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.