Төлеби ауданында соңғы он жылда кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді.
«Төлеби ауданында алма бауымен айналысатын азаматтардың саны жыл сайын артып келеді», – дейді Ұзынарық аулының тумасы Серғали Жансейітов. Кәсіпкер алма көшеттерін 2011 жылы Меркеден жеткізіп жерсіндірген екен. Шаруа, он жылдам астам уақыттан кейін күтімнің арқасында жақсы өнім ала бастаған.
«Жеміс пісіп жетілгенше тынбай еңбек ету керек. Зиянкестермен күреске дәрі дәрмек, тыңайтқыштар сатып алуға мемлекеттік қолдау қажет-ақ», дейді бағбан. Естеріңізге сала кетейік, 2021-2025 жылдарға арналған » Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жақында Үкімет отырысында жан-жақты талқыланып, жергілікті әкімдіктерге нақты тапсырма да берілген едіі.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі: «Әкімдіктер кәсіп етемін деген азаматтарға қолдау көрсетуі қажет. Олардың шаруашылықтарына инфрақұрылым тартып су электр, ағын су жеткізіп беруі тиіс».
Ия, ағын су демекші, Кеңес Одағында тозығы жеткен каналды аудан әкімдігі мен су шаруашылығы мекемесі жаңғыртып, бүгінде нысаннан 4 елдімекеннің шаруалары ағын сумен қамтылып отыр. Бидай егілген егістік жерге алма отырғызған Серғали Жансейітов кәсібін дөңгелету мақсатында шағын қаржы ұйымынан 8 пайыздық мөлшерлемемен бес жылға несие алған екен.
Серғали Жансейітов, кәсіпкер: «Бидайдан бөлек, мақсары өнімді еккен жылы береді. Ал алма 4-5 жылдан кейін өнімін береді. Сондықтан жүйелілік керек. Алма бауларымен айналысатын азаматтарға 1 пайыздық несие, немесе субсидия берілуі тиіс».
Серғали Жансейітов, кәсіпкер: «Кеңес дәуірінде жақсы тәсіл бар еді. Мемлекеттік сатып алу яғни, продкорпорациялар шаруалардан алманың келісін 50-70 теңгеге сатып алып, балабақша, аурухана, балалар үйіне жеткізетін. Жақсы үлгілерді жұмыста кеңінен пайдаланған дұрыс».
«Өнімнің көп болғаны бағаның өзіндік құнына әсер етеді, арзан болады. Алайда биылғы жиын терімдегі алманы қоймаларда сақтамасақ, көктемде бағалар шарықтап, делдалдар пайдасын көреді. Ұлттық жобадағы төртінші бағыт бәсекелестікті кешенді дамыту бойынша сала министрлігі, «Атамекен кәсіпкерлер палатасы» бірігіп, жүйелі жұмыс жасаса ғана нәтиже болады», – деп санайды кәсіпкер.