Кентау: Дәмхана тамағынан уланғандар бойынша қылмыстық іс қозғалды

17

 

Кентау қалалық полициясына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен қаладағы кафелердің бірінің тағамдарынан тұрғындардың жаппай уланып, ауруханаға түскені бойынша хабарлама келіп түсті. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары дәмхана қызметкерлерінен, оқиға куәгерлерінен жауаптар алып, сұрастыру жұмыстарын жан-жақты жүргізуде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының зертхана қызметкерлерімен сараптама жүргізу үшін жұмыстар атқарылуда. Дәмхананың барлық тағам түрлері алынып, зерттеуге жіберілді.

Аталмыш тамақтану орнындағы қызметкерлердің бірқатарында медициналық кітапша болмай шықты. Қазіргі уақытта белгілі болғаны, Кентау мен Түркістан қаласының ауруханаларында 98 тұрғын, ал үй жағдайында 70 тұрғын ем қабылдауда. Қазіргі таңда полицейлермен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.