Концертке бөлінген 610 млн. теңгеден астам қаражатты жымқырған

52

Шымкентте мәдениет басқармасынан 610 млн. теңгеге жуық қаржы жымқырғандарға сот үкімі шықты. Карантин кезінде концерт өткіздік деп есеп берген олар шын мәнінде ешқандай іс-шара ұйымдастырмаған.

Ал, бөлінген ақшаны қалтаға басып отырған дейді судья. Бастапқыда бұл іске 6 адам күдікті деп танылған еді. Бүгін сот залынан үшеуі босатылды. Олар басқармаға қарасты мәдениет үйінің директоры мен міндетін атқарушы және есепшісі. Соңғысы шартты түрде 7 жылға сотталды.

Ал, басқарма мен мәдениет үйінің бас есепшісі 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олармен сыбайлас болған кәсіпкер де 7 жыл арқалады.

Абсаттар Шахидинов, судья: «Сотталушының бірі жеке кәсіпкер. Өз атына тіркелген және оның туыстары, жақындарының аттарына тіркелген жеке кәсіпкерлік субьектілер болған. Сол субьектілерге мәдени іс-шаралар атқарылды. Оған мынанша қаржы деп есепшотқа аударылып отырған».