Бұған дейін депозитте ақшасын теңгемен жинаған адамдардың келер жылы 10% сыйақы алуға мүмкіндігі бар екені туралы хабарлаған едік. Депозиттерге кепілдік беру қоры ақпаратты пайдаланған алаяқтардың көбейгенін ескертеді.
Ресми мәліметке сүйенсек, елде 5 млн. депозит иесінің сыйақы алуға мүмкіндігі бар. Дегенмен алаяқтардың әрекетінен сақ болу қажет. Өтемақы туралы бағдарлама басталған уақытта фишинг сайттары көбейген. Мамандар өтініш беру үшін тікелей банкке баруға немесе тек ресми сайтқа кіріп құжат толтыруға кеңес береді. Ал арнайы бюллетень толтыру туралы желіде тараған сілтеме жалған екенін жеткізді.