Футболдан Қазақстан премьер-лигасының аяқталуына 2 тур қалды. 24-турда Түркістан облысының «Мақтаарал» командасы «Түркістан арена» стадионында еліміздің былтырғы чемпионы «Тобылды» қабылдады.
Биыл да бірінші орыннан үмітін үзбеген қостанайлықтар бұл бәсекеде үш ұпай олжалауды көздеген. Бірақ «Мақтаарал» футболшылары қайсарлық танытты. Ойынның 6-минутында Носко есеп ашса, Юденков 45-минутта есепті еселеді. Чемпиондар тек бір голмен қарымта қайтарды. Осылайша, 4 тур бойы жеңіске жетіп келе жатқан «Мақтаарал» «Қызылжармен» он бірінші орынды бөлісіп тұр. Премьер-лигада қалу мүмкіндігі жоғары.
Өкінішке қарай, Түркістанның «Тұраны» сырт алаңда «Ақтөбеден» 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Негізі ойын өте тартысты өткен. «Тұрандықтар» тәуір ойнаған. Бірақ, қақпаларына белгіленген екінші пенальти ойын тағдырын шешіп кетті.
29 қазанда «Тұран» мен «Мақтаарал» арасында «Оңтүстік дербиі» өтеді. Осы кездесуде премьер-лига жолдамасының тағдыры шешілуі мүмкін.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі