Мемлекеттік сатып алу рәсімдері оңтайланады

71
фото Егемен

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері оңтайланады. Жүйені автоматтандыра отырып, рәсімдеу мерзімі де қысқаруы мүмкін. Президент Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасын қабылдауды міндеттеген.

Қаржы министрлігінде бас қосқан мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері жаңа заң жобасының тұжырымдамасын талқылады. Онда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтердің сапасына басымдық беру, өнім берушілердің таңдау талаптарын кеңейту және жауапкершілігін арттыру ,сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жоспарлаудағы кедергілер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Жаңа заң жобасын әзірлеу бойынша жол картасы бекіді.