Биыл 9 айда мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған қазақстандықтарға 327 млрд. теңге жәрдемақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Қазақстанда 534,6 мың адам мүгедектік, ал 156 мың адам асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
Мүгедектік бойынша орташа 53 802 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 46 328 теңге жәрдемақы төленеді.