Оңтүстік айналма жолының құрылысы келер жылы аяқталады

21

Шымкент қаласындағы кептелісті азайту мақсатында айналма жол салу қолға алынған болатын. Қала басшысы Ленгір тас жолынан бастау алған “ Шымкент-Ташкент” автожолының құрылысымен танысып қайтты.

Бұл жобаның құрылысы 2021 жылы басталды. Нысанның жалпы ұзындығы 16 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда жолдың негізін дайындау жұмыстары аяқталып, 4,2 шақырымына асфальт жабындысының 1-қабаты төселді.

Сондай-ақ мұнда жолдың қиылысатын бөлігінде көпір құрылысы және жол жабынын қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмысы 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарланған.