Ордабасы ауданында “Jusan bank” -тің қолдауымен кірпіш зауыты бой көтерді

105

Ордабасы ауданында су жаңа кірпіш шығаратын зауыт ашылды. “Bokei” жаңа өндірістік кәсіпорны 45 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Аталған жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында “Jusan bank” -нің жеңілдетілген несие желісі арқасында іске асқан. Жоба құны шамамен 2 млрд теңгені құрап отыр.

Су жаңа зауыт бір тәулікте 100-150 мыңға жуық 5 түрлі стандарттағы кірпіш шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын Жапония, Греция және Украина елінің заманауи құрал жабдығымен толық қамтылған. “Bokei” зауытының басты ерекшелігі — мұндағы технологияға 100 пайыз автоматтандырылған жүйесінің іске қосылғандығы болып отыр. Яғни, шикізатты даярлаудан бастап, дайын өнімді шығаруға дейінгі жұмыстың барлығы автоматтандырылған.

Нұралы Әбішев, «Bokei» зауытының иесі: «Бұл жерде толығымен автоматтандырылған, роботтандырылған. Адамдар қолымен кірпіш жасап, жұмыс істемейді. Техникалық құралдар шетелдерден келген. Жұмысқа орналасқан жергілікті тұрғындар. Жас қыздар мен ұлдар. Оларды құралдармен жұмыс жасауға осы украиналық компания өкілдері арнайы оқытып үйретті».

Жаңа зауыттың ашылу рәсіміне облыс және аудан басшылары арнайы шақыртылған. Шенеуніктер жаңа өндіріс орнының жұмысына қызығушылық танытып отыр. Мұндай жоба өңірдің экономикасын дамытып, бюджетке кіріс келтіреді дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Жетпісбаев.

Арман Жетпісбаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Бұл біріншіден осы аудан бюджетіне 200 млннан астам салық төленеді. Біздің облыста құрылыс дамуда. Сондықтан бұл зауыт бізге қажет. Ал енді мемлекет басшысы бізде өндіріс дамуға ерекше көңіл бөлуде. Бізде ірі кәсіпорындар көп еді. Облыс болып бөлінгелі көп кәсіпорын Шымкентте қалып қалды. Енді бұл саланы қайта дамыту керек».

Кәсіпорынға тартылған мамандардың барлығы шетелде тәжірибеден өтіп, біліктілігін арттырған. Алайда жергілікті тұрғындардан құралған еңбек ұжымы осы зауытта арнайы оқытудан өтіпті. Зауыт басшысының сөзінше, ауқымды жобаның іске асуына «Жусан банккінің” несиелік желісі сеп болған.

Қуаныш Ұласбеков, “Jusan Bank” атқарушы директоры: “Jusan Bank” экономикалық мемлекеттік бағдарлама саясатын толығымен қолдайды. Біз аудан үшін мұндай жобалардың маңыздылығын түсінеміз. Сондықтан шынайы ынтамен осы жобаның іске асуына атсалыстық. Оған шамамен 2 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. 6 пайызды несие алушы төледі. Қалғаны мемлекеттік бағдарлама аясында “Даму” қоры арқылы субсидияланады. Осындай мемлекеттік бағдарламаның маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Себебі мұндай қолдаусыз ауқымды жобаның іске асуы қиынға соғады».

Жусан банкінің өкілдері “Бөкей” кірпіш зауытын қаржыландыру жобасынан бөлек, өзгеде кәсіпорынның ашылуына қол ұшын соза алатынын айтады. Банк бұл бағытта “ ашық жолды” таңдап отыр. Яғни олар тұтынушылар үшін барлық қолайлы жағдай жасауға дайын!

Лицензия № 1.2.35/225/37 07.04.21 ж. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген