Отандық астық өндірушілер экспорт нарығынан қағылуы мүмкін. Кәсіпкерлер оны Ресей бидайы жауалап ала ма деп алаңдап отыр. Ондағы дихандар биыл 25 миллион тоннадам астам өнім алған. Бірақ геосаяси ахуалға байланысты тауарын экспорттайтын елдердің тізімі қысқарып отыр.
Сол үшін астығын осы уақытқа дейін еліміздің ұны мен бидайын алып келген Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты елдерге сатуды көздеп отыр. Тіпті Ауғанстан Ресейден 2 миллион тонна бидай алуға келіскен. Өйткені бағасы арзан, сапасы да жаман емес. Бұл отандық шаруаларды тығырыққа тіреп отыр. Айтуларынша нарықты Үкіметтік деңгейде қорғау керек.
Евгений Карабанов, Астық одағының ресми өкілі:»Меніңше, Үкімет бұл мәселеге бей-жәй қарамауы керек. Тым болмаса қолдау көрсетіп, «Азық-түлік корпарациясы» шаруалардың өнімін сатып алғаны дұрыс. Оның үстіне бұл тапшылық пен қымбатшылықтың алдын алу үшін де қажет».