Елімізде 15 мың 500-ден астам шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Елімізге негізінен Қытай, Үндістан, Түркия және Өзбекстаннан жұмысшылар көп келеді. Олардың көбі құрылыс саласында. Бұл секторда қазір 6 мың 139 шетел азаматы еңбек етуде.
Жалпы, елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 мың 748 кәсіпорын бар. Оларда 400 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы.