Елде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді. Айтуынша, бір апта жасалған 2858 қылмыстың 1677-і тәулік ішінде ашылған.
Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 36 тонау және 418 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.