Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев құжаттың заң аясында қарастырылып жатқанын айтады.
Бастысы – бағдарлама бойынша бастапқы жарна мен 7 пайыздан аспайтын қолжетімді пайыздық мөлшерлеме ескеріледі. Ипотекалық бағдарлама таяуда пайда болады. Еске салайық, 2018 жылы іске қосылған 7-20-25 бағдарламасы арқылы 27 мыңнан аса отбасы баспаналы болған.
Бастапқы жарнасы 25 пайыздан аспады. Ипотекалық несиені өтеуге 25 жылға дейін уақыт берілген еді.