Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланше елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді. Бұл жөнінде ол Премьер-Министр Әлихан Смайыловпен кездескенде айтты.
Николя Бланше үкіметтің жаңа реформаларды іске асыру жөніндегі қадамдарын құптайтынын жеткізді. Әрі барлық мүдделі бағыттар бойынша кеңес беруге және техникалық көмек ұсынуға дайын екенін жеткізді.
Кездесуде еліміздегі миссия жұмысының қорытындылары, сондай-ақ инфляцияға қарсы күрес, салықтық әкімшілендіру мен бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру шаралары, цифрландыру және мемлекеттің экономикадағы үлесті төмендету мәселелері талқыланды.