Қоғамдағы өшпенділік тілін жеңуге арналған этика кодексі дайындалды. Бұл еліміздегі этносаралық қатынастардың шиеленісуін болдырмауға бағытталған.
Жоба QazNetEtiquette деп аталады. Оны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы жасап шықты.
Авторлар өшпенділік тілімен күресте жазалау әдістерінен гөрі ағартушылық жұмыстардың пайдасы көбірек екенін айтады. Сондықтан, қоғамға осы этика кодексі сияқты өзін-өзі реттеу құралдары керек.