«Қоқыссыз таза табиғат»: Түркістан облысында экологиялық сенбілік өтеді

109

Түркістанда сенбі күні «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы өтеді. Сенбілік облысқа қарасты барлық аудан, қалаларда ұйымдастырылады.

Түркістан қаласында әкімшілік іскерлік орталықтың маңы, «Жеңіс», «Жібек жолы» саябағы және басқа да аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізілмек. Ал өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында 2019-2022 жылдары облыс орталығындағы 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды.

Қазіргі таңда меже орындалып, 13 629 га жерге көшет егілген. Алдағы уақытта «Жасыл белдеуді” 30 мың гектарға дейін жеткізу көзделген. Сондай-ақ облыс бойынша 30 млн. данадан астам әртүрлі орман ағаштарының көшеті егіліп жатыр.