Республика күні қарсаңында Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде «Қазақстан мәңгілік- Атамекен» атты меркелік іс шара өтті. Мақсат — студент жастардың өз Отанын сүйетін, халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азамат болып қалыптасуына септесу. Өз елінің құндылықтарын қастерлеуге үндеу.
Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің ұжымы 25-ші қазан Республика күнін жоғары деңгейде атап өтті. «Қазақстан мәңгілік — Атамекен» атты мерекелік шарада атаулы датаға қатысты деректер баяндалды. 1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Мерекелік шара барысында Shymkent жоғары педагогикалық колледжі студенттері арасында өткен «Алтын күз-ғажайыптары» атты күзгі көрмеде өз шеберлігін көрсеткен жеңімпаздар марапатталды.
Айзада Үсенқызы, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің студенті: «Бізде алдын көрме өткен болатын. Біз жеміс жидектерден композиция жасадық екінші орын алдық. Колледжде үнемі іс-шаралар болып тұрады, біз белсенді қатысамыз».
Айтулы байқауда бірінші орынды бастауыш білім беру бакалавры факультеті жеңіп алды.
Гүлнафиз Бақытбекқызы, Shymkent жоғары педагогикалық колледжі студенті: «Мен барлықтарыңызды республика күнімен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, еліміз биіктен көріне берсін».
Мемлекетімізде жүргізіліп отырған сындарлы саясаттың нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, дүниетанымына, білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне үлес қосып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарға бүгінгі өскелең ұрпақ та өз үлесін қосуда дейді білім ордасының өкілі.
Ерлан Байсейітов, Shymkent жоғары педагогикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «Республика күні мерекесі қарсаңында біздің колледжде шара өтіп жатыр. Студенттеріміз арасында байқау өтті. Мұндай шаралар студенттердің бойында жауапкершілік, Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге мүмкіндік береді».
Бүгінгі іс шараға белсенді түрде атсалысқан колледж жастары, біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз дейді.
(№ KZ35LAA00014412 лиц. 25 .07. 2007 ж. ҚР БжҒМ БСБК БСБД берілген)