Сайрам ауданына қарасты, Ақсукент елдімекенінде үздік оқушыларды стипендиямен қамтамасыз ететін жекеменшік мектеп ашылды. Сондай-ақ бұл мектепте 1 мен 5 сынып оқушыларына форма мен ыстық тамақ тегін беріледі. Әрі барлық оқу құралдарымен қамтылған білім ордасында түрлі үйірмелер де жұмыс істейді.
Сайрам ауданында Дінмұхаммед Қонаев атындағы жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Бұл Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Низамхан Сүлейменовтің ауданда салған 7-ші білім ордасы. Заманауи талапқа сай бой көтерген ғимаратта оқушыларға барлық жағдай жасалған. Білім ошағында тіпті, жүзуді үйрену үшін бассейнде қарастырылған.
Ұласбек Сәдібеков, Сайрам ауданының әкімі: «Бұл мектептер толығымен оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Тіпті, жүзу бассейніне дейін қамтамасыз етілген. Екіншіден бұл мектепте оқитын балалар тегін оқиды. Екіншіден, 1-5 сынып оқушылары формамаен, ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Ең басты мәселе, жақсы оқыған оқушыларға степендия беріледі».
Мектеп директорының айтуынша мекемеге оқушылар мен мұғалімдерді қабылдау бүгіннен бастап жүзеге асады. Ал сабақ, екінші тоқсаннан басталады. Сондай-ақ, оқу ордасы бір ауысымда білім береді.
«Мектеп 1200 орынға арналған Асханадда бір мезгілде 400 адам тамақтанады. Сыртқы және ішкі спорт залдарымыз бар. Оқушыларға барлық жағдайға жасалған»,-дейді мектеп директоры Сейсенбай Жанбаев.
Жалпы мектеп құрылтайшысы Низамхан Сүлейменов білім саласын дамытуға бет бұрғалы, 10 мектеп пен 10 балабақша салып үлгеріпті. Ал дәл осы саланы таңдауының себебін инвестор былай түсіндірді.
Низамхан Сулайманов, ҚР Құрметті құрылысшысы: «Себебі менің әйелім 45 жыл мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Сол маған идея берді. Мен ақша көп түседі, тойхана, базар салайық деп едім. Ол мектеп-балабақша салайық деді. Балалар білімді болсын, сауатты болсын, тәлім-тәрбие алсын деген мақсатта ұсыныс білдірді. Міне, қазіргі таңда 10 балабақша, 10 мектеп салдық 10 мектепте 12 000 бала білім алып жатыр. Ал 10 балбақшада 5 мың бала тәлім алуда. Әлі жаспыз. Енді 73-ке келдік. Алдағы уақытта тағы 5-6 мектеп саламыз деген жоспар бар».
Бірнеше жылдан бері қаржыны білім саласына бағыттап келе жатырмын деген құрметті құрылысшы аудандағы 7 мектепті салу үшін банктен 7 млрд. теңге несие алыпты.
Абзал Оңалбеков, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша «Банк Центр Кредит» филиалының директоры: «Жалпы Центркредит банкі әрқашанда әлеуметтік білім саласын қолдап келеді. Бұл бағдарлама бойынша Низамхан аға кредит алып мектептер соғып жатыр. Шарттары қарапайым заттарды қарыздандыру бағдарламасы 7 жылға 6 пайызбен беріледі».
Айта кетейік, заман алабына сай салынған мектеп құрылысына 2 млрд. теңге инвестиция тартылған. Сондай-ақ үздік оқушыларға тағайындалатын сетпендияға да құрылтайшы Низамхан Сүлейменов демеушілік етпек.