Түркістан облысында биыл 34 мектеп ашылады. Солардың бірі –Сарыағаш қаласы, «Самал» шағынауданында салынып жатыр. Бұған дейін бала санының өсуіне байланысты №60 жалпы орта мектебінің үш ауысымға өту қаупі туындаған еді. Осыған байланысты, жаңа мектеп ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр.
900 орындық білім ордасында оқу корпустары, физика, химия, биология кабинеттері, асхана сондай-ақ спорт алаңшасы бар.Сонымен бірге оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесін орнату қарастырылған. Жоспарға сәйкес, нысан биыл қазан айында тапсырылады.
Айта кетсек, бүгінгі таңда аудан бойынша 7 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 3 мектеп биыл пайдалануға берілсе қалған 4 мектептің құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.