Ағымдағы жылдың қазан айының 10-17 күндері аралығында Шардара ауданы аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Нақтырақ айтсақ, шардаралық полицейлер аудан көлемінде салынып жатқан құрылыс нысандарын тексеріп шықты. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 10 құқық бұзушылықты анықтап, оларға қатысты құжаттарды сотқа жолдады.
Жалпы іс-шараның мақсаты — облыс аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау.