Шымкент қаласында 6437 азаматтық қару иесі тіркелген

18

Қару айналымын бақылау саласы қызметкерлерімен жыл басынан өткізілген тексерулердің барысында әкімшілік жауаптылыққа 639 тұлға тартылса, оның 449-і немесе 70 пайызы осы қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін жазаланды.

Полиция қызметкерлері тарапынан мекенжайға келіп тексеру кезінде көбінесе сейфтің қабырғаға немесе еденге қатырылмағандығы, дабыл бергіш құрылғысының істен шыққандығы сияқты кемшіліктер кездесуде. Бұл өз кезегінде қарудың, отбасы мүшелерімен немесе бөгде адамдармен қолдануына әкеп соғуы мүмкін екендігін ескерген жөн. Сондықтан қаруды сақтау ережелерін қатаң ұстану қару иелерінің басты міндеттерінің бірі деп айтуға болады.
Ол үшін:
— Қаруды стандартқа сәйкестендірілген темір сейфте сақтау қажет;
— Қару сақтайтын сейфте басқа бағалы заттардың яғни ақша, алтын бұйымдардың және т.б. сақталуына тыйым салынады. Тек қана қару, оқ-дәрілер және оған арналған қосымшалар сақталу керек;
— Сейфке міндетті түрде дабыл беру жүйесі орнатылған, оның ішінде мобильді телефонға хабарлама беру мүкіндігі қарастырылған болуы тиіс;
— Сейфтің кілті тек қару иесінде болуы керек, яғни қару отбасы мүшелеріне әсіресе жасөспірім балдарға қолжетімсіз жағдайда сақталуы қажет;
— Қару иесі ұзақ уақыт, яғни, 1 айдан астам үй жайында болмаған кезде қару ІІО-на немесе орталық сақтау пунктіне өткізілуі тиіс.
Сонымен қатар, айта кететін жағдай осы іс-шара барысында кейбір қару иелері полиция қызметкерлерінің тексеру жұмыстарына кедергі келтіруде.
Жекелеген қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Қазақстан Республикасының №339 Заңына сәйкес, қару иесі азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында қолда бар қаруды, оның патрондарын және олар сақталатын орындарды, сондай-ақ қажетті құжаттаманы қарап тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша көрсетуге міндетті.