Шымкентте 1 аптада 2890 қылмыс тіркелді

26

Шымкент қаласының «102» арнасына 1 апта ішінде 6 707 әртүрлі сипатта қоңыраулар шалынған. Оның 2890 тіркеуге алынып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Апталық тексеріс нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды. Соның ішінде төртеуі ұрлық, біреуі басқа да қылмыс түрі.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 923 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Оның 144-і нөлдік төзімділік бойынша, 718-сі жол ережесін бұзған және басқа да 61 жайт анықталды.