Шымкентте «BalaCo» ұлттық брендінің таныстырылымы өтті

Шымкентте «Мама Подиум» дүкендер желісі «BalaCo» ұлттық брендінің таныстырылымын жасады.

Ашылу салтанатында тұтынушыларға жаңа киім топтамасының бірнеше үлгісі ұсынылды. Ұлттық бренд жаңа туылған нәрестелерден бастап 1 жасқа дейінгі сәбилерге арналған киімдерін сатылымға шығарды.

Ұлжанай Қожанбаева – «Мама подиум» дүкенінің тұрақты тұтынушысы. Екінші сәбиін күтіп жүрген жас ана ұлына қажеттің барлығын дәл осы дүкеннен табатынын айтады. Ал балаларға арналған ұлттық нақыштағы жаңа брендтің ашылуы – жас аналарға таптырмас мүмкіндік дейді ол.

Ұлжанай Қожанбаева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Бір жылдан асты, қалай ашылды солай естіп, осы жерден керек заттарымызды алып кетеміз. Өте қуаныштымын! Қазақы нақышта, өзіміздің бренд. Әрқашан қуанамыз, ашылуына арнайы келгенбіз, көңілімізден шығады. Қазір көріп, аламыз бұйырса!».

«Mama Podium» дүкендер желісі «BalaCo» ұлттық брендінің ресми таныстырылымын жасады. Салтанатты рәсімде жаңа брендтің ашылуымен қатар, келуші қонақтарға концерттік шоу-бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ, тұтынушылардың арасында белсенді қонақтар үшін ұтыс-ойындары ойнатылды. Ал қатысушы аналарға түрлі бағалы сыйлықтар тарту етілді. Думанды таныстырылым кешіне дүкен серіктестері де арнайы келіп, қатысты.

«Mama Podium» дүкендер желісінің негізін қалаушы Гүлбану Қайратқызы – «BalaCo» брендінің идеясы осыдан бір жыл бұрын келгендігін айтады. Сөзінше, қазақи құндылықтарды айшықтайтын бұл бренд – ұлттық кодты дәріптеуге үлкен үлесін қосады. Ал ашылу салтанатында балаларға арналған жаңа киім топтамасының бірнеше үлгісі ұсынылды.

«Ойымызда 1 жылдан бері жүрген, осы дүниені жарыққа шығару. Бұл идея – біздің қазақи құндылықтарды айшықтайды. Платформа бар – онда біз балаларды емес, жатырда бала біткен аналарға ұлттық кодты дәріптеу. Біздің әрбір киіміміздегі принттер бір мағынаны береді. Көкпар, жазық дала, таулар, ал бір киіміміздің принтінде Сығанақтағы қақпа бейнеленген. Яғни, кішкентай баланың киіміне қарап үлкен кісілердің өзі балалық шағын есіне түсіріп, сағынышын басатындай идея болды, жарыққа шақты, Аллаға шүкір!», – дейді «Mama Podium» дүкендер желісінің негізін қалаушы Гүлбану Қайратқызы.

Мемлекет басшысы отандық өндірушілерге барынша қолдау жасау туралы тапсырма берген болатын. «BalaCo» брендінің тауарлары жаңа туылған нәрестелерден бастап 6-8 жасқа дейінгі балаларға арналған. Гүлбану Қайратқызының сөзінше, мама подиум идеяны жүзеге асыру үшін бүгінде арнайы этнографтармен жұмыс істеп жатыр.

Ал келер көктемде брендтің балаларға күнделікті киюге арналған жаңа топтамасы жарық көреді. Сондай-ақ, дүкендер желісі әр жұма сайын тұтынушыларға 7 пайыздық жеңілдік ұсынады. Ал егер сіз балаңызға сәнді әрі сапалы брендтті киім іздесеңіз, «Mama Podium» дүкеніне келіңіз.

Мекен жайы: Республика даңғылы 19/1