Шымкентте “Бақытты отбасы” бағдарламасымен 330 пәтер берілмек

27
фото Тенгри

“Бақытты отбасы” бағдарламасына өзгерістер еніп, бұдан былай жайлылық класы 3-4 -ке сәйкес келетін және ауданы 80 шаршы метрге дейін жететін әлеуметтік тұрғын үй беріледі.

Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап “Бақытты отбасы” бағдарламасына тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1 және 2 топ мүгедектері, мүгедек бала асыраушы отбасы санатындағы азаматтар осы бағдарламаға қатыса алады. Ал толық емес отбасылар санатындағы азаматтар келер жылдан бастап бұл бағдарламаға өтініш бере алмайды.

“Бақытты отбасы” бағдарламасының бастапқы жарнасы -10%-ды құрайды. Ал банктің жылдық мөлшерлемесі – 2%. Ипотекалық несиелендіру 20 жылға рәсімделеді. Қазір Шымкентте Тұран 2 шағын ауданында 168 пәтер және Нұрсәт шағын аудандарында 162 пәтерге конкурстар жарияланған.